Ваннадағы плитаны химияны қолданбай қалай тазартуға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ваннадағы плитаны химияны қолданбай қалай тазартуға болады?

17.04.2016
Ваннадағы плитаны химияны қолданбай қалай тазартуға болады?

Химиялық заттардағы улы қоспаларды түбегейлі жойып жіберу мүмкін емес. Олардың келтірген зияндары адамдарға білінбейді. Сол себепті фактрум  ваннадағы плиталарды тазалаудың арзан әрі тиімді тәсілін ұсынады. Оның үстіне бұл тәсіл аса үлкен шығынды қажет етпейді.

Ол үшін Сізге қажет дүниелер:

¼ стақан сутегі қоспасы

1 шәй қасық сұйық сабын

½ стақан сода

Қолдану әдісі:

Барлық ингридиенттерді араластырып, ол сұйықтықты шөлмекте сақтаңыз. Ластанған жерлерді тазалау үшін қоспаны губкаға аздап жағып, сүртесіз. Сосын сол жерді сумен шайып жіберіңіз.

Егер плита қатты ластанған болса, сұйықтықты 10-15 минут бұрын жағып қою керек. Сосын осы процедураны тағы бір қайталап, артынан сумен шайып жіберу керек.

Ваннаңыз тазалық жұмыстарынан соң сол таза қалпын ұзақ сақтау үшін мынадай шараларды жүзеге асырыңыз: су мен сірке қышқылын бір-бір стаканмен араластырып, оны аптасына екі рет плитаға шашып тұрыңыз.

Бұл табиғи қоспалар тазалық талаптарын сақтауға зор көмегін тигізеді.

Хабарламаларға жазылу