Ақылбек Жеменей жариялаған байқаудың жеңімпазы анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылбек Жеменей жариялаған байқаудың жеңімпазы анықталды

15.04.2016
 Ақылбек Жеменей жариялаған байқаудың жеңімпазы анықталды

Айта кетейік, байқау жарияланған 4 күннің ішінде оған еліміздің аймақтарынан көптеген әлеуметтік желілерді пайдаланушылар атсалысты. Байқауға сондай-ақ, 52 мемлекеттің IP мекенжайлары тіркелді. Олар: Қазақстаннан 15 800, Ресейден 564, Украинадан 363, АҚШ-тан 181, Суданнан 121 және т.б.

Қатысушылардың басым бөлігі ВКонтакте желісі арқылы байланыс орнатты. Байқауға қатысушы азаматтардың арасында 49 адам ең үздіктердің қатарына кірді. 12 сәуір күні үздік деп танылған қатысушылардың тізімі vote.kaztrk.kz сайтына әлеуметтік дауыс беру үшін орналастырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 15 сәуірде Алматыдағы Республика сарайында әнші Ақылбек Жеменейдің шығармашылық кеші өтеді. Әнші өзінің шоу-концертіне орай екі кезеңнен тұратын байқау жарияланған болатын. 4-8 сәуір аралығында өткен байқаудың бірінші кезеңінде Қазақ радиосынан Ақылбектің әндерінен үзінді берілді. Ол әндерді дәл тапқан алматылық Гауһар Асқанова жеңімпаз атанып, iPhone 5 смартфонын жеңіп алды.

danagul.jpg

Екінші кезеңнің шарттары бойынша, байқауға қатысушылар

«Қызыл өрік, қызыл өрік

Сүйіп қалдым мен сені көріп...» сөздерін өз ойымен жалғап, бір шумақ өлең құраулары керек болатын. Байқаудың жүлдесіне iPhone 6 смартфоны тігілді. Қатысушылардың арасынан маңғыстаулық  Данагүл Боранбаева үздік шықты.

Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз !

Айта кететін мәселе, «Қазақстан» Ұлттық арнасы Головкин-Уэйд жекпе-жегіне байланысты да байқау жариялады. Оның шарттары бойынша, жекпе-жектің нәтижесін дәл тапқан  адам Samsung смартфонын ұтып алады.

Хабарламаларға жазылу