«Қас қағым» радиоойынын тыңдап, әнші Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қас қағым» радиоойынын тыңдап, әнші Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз

05.04.2016
«Қас қағым» радиоойынын тыңдап, әнші Ақылбек Жеменей ұсынған iPhone 5 смартфонын ұтып алыңыз

15 сәуірде Алматыдағы Республика сарайында әнші Ақылбек Жеменейдің шығармашылық кеші өтеді. Шоу-концертке тегін кіріп, сонымен қатар, iPhone 5, iPhone 6 смартфондарын ұтып алуға мүмкіндік бар.

Әнші www.kaztrk.kz порталында, Қазақ радиосы және өзінің Instagram желісіндегі парақшасында (@zhemeney) байқау жариялайды.

І байқаудың шарты бойынша Қазақ радиосының әуе толқынынан дүйсенбі-жұма күндері сағат 11:35-те эфирге шығатын «Қас қағым» радиоойынынан Ақылбек Жеменейдің орындауындағы бір әннен үзінді беріледі. ЕСКЕРТУ: Үзіндіде ән соңынан басына қарай ойнайды.

Бес күнге жалғасатын байқауда әндерді дәл тауып әрі бірінші болып хабарласқан тыңдарман жеңімпаз атанады.

Айта кетейік, байқау 4-8 сәуір аралығында өтеді. 

«Қас қағым» радиоойынында, сонымен қатар, концертке тегін билеттер ойнатылады. Тікелей эфирде жүргізушілер Қазақ радиосының тыңдармандарына 3 сұрақ қояды. Үшеуіне  де мүдірмей жауап берген тыңдарман жеңімпаз атанады.

Қазақ радиосы қосулы болсын!

Хабарламаларға жазылу