113 жыл бұрын ақын, жазушы, соғыс ардагері Қалмақан Әбдіқадыров дүниеге келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

113 жыл бұрын ақын, жазушы, соғыс ардагері Қалмақан Әбдіқадыров дүниеге келді

14.04.2016
113 жыл бұрын ақын, жазушы, соғыс ардагері Қалмақан Әбдіқадыров дүниеге келді

«Еңбекші қазақ» газетінде, Қазақстан Жазушылар одағында, Жамбыл мұражайында қызмет атқарған. Ақынның алғашқы өлеңі «Сырдария» деген атпен 1925 жылы «Еңбекші қазақ» газетінде жарық көрген. Осыдан бастап өлең-жырлары, әңгімелері республикалық газет-журналдарда жиі басылған. Оның «Екпін», «Шахтер», «Май» атты өлеңдер жинағы, «Сәтбаев», «Келес қызы», «Қажымұқан», «Мақташы қыз» атты прозалық кітаптары жарық көрген. Жазушының «Қажымұқан» повесінде қазақ халқының атақты палуаны, классикалық күрестің дүниежүзілік чемпионы Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмір жолы қызықты да тартымды баяндалған.

Сондай-ақ, ол балалар әдебиетінің өркендеуіне де үлес қосып, «Өміртайдың ауылы», «Тапқыш», «Тәтті қауын», «Амантай», «Алатаудың бауыры» атты өлеңдер мен әңгімелерін жазған. Көркем аударма саласында шығыс классикасы «Мың бір түнді», шығыс шайырлары Әлішер Науаидың, Фирдоусидің, қырғыз ақыны А.Тоқамбаевтың шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.

«Қызыл Жұлдыз» орденімен, медальдармен марапатталған.

Хабарламаларға жазылу