Австрия Италиямен арадағы шекарасына қорған тұрғызып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрия Италиямен арадағы шекарасына қорған тұрғызып жатыр

14.04.2016
Австрия Италиямен арадағы шекарасына қорған тұрғызып жатыр

Италия мен Австрияның шекарасында қорған пайда болады. Бреннер асуында мамырдың соңына дейін бой көтеретін қоршаудың ұзындығы 250 метрді құрамақ. Балқан бағыты жабылғаннан кейін босқындар дәл осы асу арқылы Австрияға ағылуы мүмкін. Ел билігі сол себепті қорған қоюға мәжбүр болғандықтарын айтады. Бреннер асуы «Еуропаның көпірі» атанып кеткен. Онда теміржол да, автокөлік жолы да бар.

Енді бұл аралықта босқындар үшін Италия мен Франция шекарасындағы Вентимилья қаласы секілді жабылды. Себебі, мұнда Шенген келісімінің күші жойылған. Сондықтан Австрия ұзындығы 250 метр болатын қорған тұрғызып жатыр. Ал ел билігін райынан қайтарамыз деген оймен Италиядан Австрияға өте алмай тұрған босқындар өз наразылықтарын білдіріп жатыр. Бірақ құжатсыз босқынға есік жабық.

Македония, Сербия, Хорватия, Австрия, Словения елдері шекарасын жапқан. Италияға ғана жол ашық. Соңғы үш айда Италияға теңіз арқылы 20 мың мигрант келген.

Хабарламаларға жазылу