Қарағандылық оқушы Дарья Андрейченко Билл Гейтстің грантын жеңіп алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандылық оқушы Дарья Андрейченко Билл Гейтстің грантын жеңіп алды

13.04.2016
Қарағандылық оқушы Дарья Андрейченко Билл Гейтстің грантын жеңіп алды

Қарағандылық оқушы Дарья Андрейченко «Microsoft» компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтстің грантын иеленген алғашқы қазақстандық атанды. Енді ол әлемдегі ең үздік университеттердің бірі - Дьюкте білім алады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқушының айтуынша, ол  ҰБТ-ның америкалық аналогы - САТ-қа өз бетімен дайындалып, ағылшын тілінен емтиханды сәтті тапсырған. Сонымен қатар, онлайн-сұхбаттан да сәтті өтіпті. Нәтижесінде, ол әлемдегі үздік оқу орындарынан шақырту алады. Дарья Дьюк университетін таңдаған.

«Бұл университетке 32 мың адамның 1700-і ғана түсе алады. Ал, бұл шәкіртақы әлем бойынша 8 адамға ғана беріледі. Маған университетке түсіп қана қоймай, осы шәкіртақы финалисі атанғаным жазылған хат келген кезде таңырқағаным соншалық, оларға: «Бұл қалжың ба?» деп жауап жазып жібердім», - дейді ол.

ҰБТ нәтижесі оқушының өміріне әсер етпесе де, Дарья қазір сыныптастарымен бірге осы сынаққа дайындалып жатыр. Сонымен қатар, ол мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан мен Ресей чемпионаттарында бірнеше рет жеңімпаз атанған.

Хабарламаларға жазылу