Н.Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Н.Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

11.04.2016
Н.Назарбаев Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен кездесті

Екі ел көшбасшылары Х.Руханидің Астанаға 2014 жылғы қыркүйектегі мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысын талқылады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мемлекеттер басшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы және көлік-транзит саласындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін де қозғады.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Х.Рухани өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты өзекті жайттар жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті еліміз Иранмен әрдайым достық қарым-қатынаста болғанына назар аударды.

Х.Рухани Нұрсұлтан Назарбаевтың Тегеранға бүгінгі сапары Қазақстан-Иран ынтымақтастығына тың серпін беретініне сенім білдірді.

Хабарламаларға жазылу