«Жыр сезім». Осындай атаумен ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын насихаттау мақсатында жазба ақындар мүшәйрасы өткізілді.
Мүмкіндігі шектеулі жандар жыр мүшәйрасын өткізді. «Шалқар Шабыт» мүгедектер қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға әр ауданнан 22 үміткер қатысып, бақ сынады. Соның ішінен суырылып алға шыққан 8 жанға арнайы орындар тағайындалды. Олардың өнері кез-келген адамды таң қалдыратыны сөзсіз. Мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірге деген құштарлық сезімі өзгерек.
Сол-себепті, осындай жандарға арнап, жазба ақындар сайысын өткізді. Байқауға 16 мен 63 жас аралығындағы мүгедектер атсалысты. Қоғамның өзекті мәселелерін жаза білген ақындардың ең үздігі де анықталды. Мұндай шараға арнайы демеушілік еткен Облыстық Мәдениет басқармасы, облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана ұжымы мен облыстық зағиптар бірлестігінің филиалы. Кеште алғашқы үш орынға ақшалай сыйлық ұсынған жаны жомарт жандар да табылды.
Аяулым СӘРСЕМБИЕВА