Павлодар облысындағы Орталық Азиядағы ең ірі көпір құрылысының негізгі жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» АҚ Павлодар облысындағы филиалының басшысы Ерсін Сәриев мәлім етті.
«Бүгінгі күні негізгі жұмыстар толықтай аяқталды. Соның ішінде үш көпірдің құрылысы мәресіне жетті. Ертіс өзені арқылы өтетін 476 метрлік төртінші ең үлкен көпірдің аркасы иілген аспа ретінде жаңа технологиялармен салынады. Көпір өткелі төрт жолақты болады. Дизайнға сәйкес, көпір аркасының түсі көгілдір болса, оның арасындағы сәулеге ұқсас бөлшегі алтын түстес болады. Жаңа көпірдің ашылуы Ақсу мен Павлодар арасындағы жолды 15 километрге қысқартса, еліміздің шығыс өңірлерінен орталық аймаққа қатынайтын транзиттік көліктер қала ішіне кірмейді. Осылайша, жолды 40 километрге қысқарту мүмкіндігі туады», - деді Е.Сәриев.