Сергей Цырульников – күш сынасу экстримі жөнінде әлемдік рекордсмен. Ол үшін көлікті жалаң қолмен сүйреу, шегені майыстырып байлау және бір қолмен үш адамды бірдей көтеру деген түк емес.
Сергей қазақстандықтарға түрлі шоу-бағдарламалар қатысушысы ретінде де кеңінен танымал. Оның ойынша, әлемдік деңгейдегі рекордтық көрсеткішке кез келген адам жете алады. Бастысы, ниет керек.
Бір қызығы, спортшы өзінің күш сынасудағы нәтижелерін Гиннестің рекордтар кітабына енгізуге тырыспайды екен. Мұны ол артық пафос, деп санайды.
Бүгін 22:55-те Сергей Цырульников «Түнгі студияда» қандай өнер көрсетті? Ұлттық арнадан көріңіз.