«Түнгі студияда» - әнші Мархаба Сәби - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Түнгі студияда» - әнші Мархаба Сәби

24.03.2016
«Түнгі студияда» - әнші Мархаба Сәби

Қазақстандық жас әнші Мархаба Сәби Ұлттық арнадан өткен «Қазақстан дауысы» жобасының қатысушысы ретінде көпшілікке танылды.

Бала кезінен ән салып келе жатқан ол әлемге танымал әнші болуды армандайды.

Витебскте өткен «Славян базары», Прагада өткен  «Diamonds Voice» және басқа да халықаралық конкурстарда жүлделі орын алған әнші өзі де ән жазады. Бүгінде оның әндерін қазақстандық әншілер орындап жүр.

Turkvizyon-2015 Қазақстандағы ұлттық этаптың финалисі, «Астана жұлдызы -2015» Ұлттық музыка бәйгесінде «Жыл дебюті» номинациясынан үміткер Мархаба Сәби бүгін «Түнгі студияда» қонақта.

Әншінің шығармашылығында қандай жаңалық бар? Бүгін 22:55-те «Түнгі студия» ток-шоуын көріңіз.

Хабарламаларға жазылу