Ә.Исекешев: Қазақстанның геологиялық барлау саласына 900 млрд. теңге инвестиция салынатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ә.Исекешев: Қазақстанның геологиялық барлау саласына 900 млрд. теңге инвестиция салынатын болды

01.04.2016
Ә.Исекешев: Қазақстанның геологиялық барлау саласына 900 млрд. теңге инвестиция салынатын болды

Министрдің сөзінше, 2015-2019 жылдарға бағытталған геология саласын дамыту бағдарламасы бойынша ел бюджетінен 120 млрд. теңге бөлінген. Енді, инвестициялар есебінен тағы 900 млрд теңге тартылғалы отыр.

«Қазақстанда «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа заң қабылданды. Онда жер қойнауын пайдалануға қатысты барлық мәселелер қамтылған.

Сонымен қатар, «100 нақты қадам» реформасының аясында халықаралық стандарттарды енгізу арқылы жер қойнауын пайдалану саласының ашықтығы да қамтамасыз етілмек. Бұл өз кезегінде Қазақстанның геологиялық барлау саласына шетел инвестицияларының тартылуына игі ықпал етеді»,-деді Ә.Исекешев.

 

   

   

 

Хабарламаларға жазылу