Елші таңғы бағдарлама студиясында Қазақстанның алты қаласын қамтитын «Франкофония фестивалі» туралы сұхбат берді.
«Шараның ең негізгі мақсаты - мәдени байланыстарды арттыру. Екі ел арасында мәдениет саласы бойынша биыл және келесі жылға бірнеше шаралар қарастырылып отыр. Сонымен қатар, келер жылы Қазақстан мен Франция арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығын атап өтеміз. EXPO көрмесі аясында да бірнеше жобалар ұйымдастырылады», дейді саясаткер.
Сондай-ақ, Франсис Этьен екі ел халықтарының ұқсастығы және Франциядағы Күлкі күні туралы айтып өтті.
Сұхбаттың толық нұсқасы «Таңшолпанда».