Қытайда бокстан өтіп жатқан Азия және Мұхит аймағы бойынша Олимпиада ойындарының лицензиялық турнирінің жартылай финалында 52 келі салмақта сынға түскен Олжас Сәттібаев қытайлық қарсыласы Жиангван Худан ұтылып қалды.
Сондай-ақ, бұған дейін 75 келідегі Жәнібек Әлімханұлы, 64 келідегі Абылайхан Жүсіпов пен қыздар арасында 75 келіде сынға түскен Дариға Шәкімова Рио Олимпиадасына жолдама ұтып алған болса, 56 келідегі Қайрат Ерәлиев жартылай финалда жеңіліп қалды.