«Шытырман» бағдарламасы жариялаған кастингке қатысып, «Disneyland»-ке саяхат жаса! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шытырман» бағдарламасы жариялаған кастингке қатысып, «Disneyland»-ке саяхат жаса!

29.03.2016
 «Шытырман» бағдарламасы жариялаған кастингке қатысып, «Disneyland»-ке саяхат жаса!

«Балапан» телеарнасының «Шытырман» бағдарламасы жариялаған кастинг жалғасуда. Іріктеуге 7-9 жас аралығындағы алғыр, зерек, тапқыр, шапшаң балалар қатыса алады.

Бүгінге дейін бүлдіршіндерден 300-ге жуық өтініш келіп түскен.

Бағдарламаға қатысқысы келетін балдырғандар бейне-анкетасын balapan.shytyrman@kaztrk.kz поштасына жіберулері керек.

«Шытырманның» екі маусым жеңімпазы «Disneyland» саяхатына аттанады.

Айта кетейік, кастинг 1 сәуірге дейін жалғасады.

Байланыс телефоны: +7 747 523 29 88

Хабарламаларға жазылу