Біздің елдегі авторлық киноның дамуы қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біздің елдегі авторлық киноның дамуы қандай?

23.03.2016
Біздің елдегі авторлық киноның дамуы қандай?

Кино әлемінде авторлық кино деген жанр бар. Бұл – режиссердің өз ойын, көзқарасын өзіндік тәсілмен жеткізетін фильм. Авторлық кино елімізде 90-шы жылдардың басынан бері дами бастады.

Дәрежан Өмірбаев, Абай Қарпықов, Серік Апрымов сияқты режиссерлердің өзіндік ой-өрнегін  кино тілімен жеткізе білген туындылары алғашқы авторлық фильмдер еді.

Бүгінгі отандық режиссерлердің авторлық киноны меңгеруі жоғары деңгейде. Оған осы бағытта жұмыс істеп жатқан режиссерлердің жетістіктері дәлел бола алады. Мәселен, Ерлан Нұрмұхамедовтің «Жаңғақ ағашы» фильмі Францияда өткен халықаралық фестивальде екінші аталым бойынша жүлде алды.

Ал, Әділхан Ержановтың  «Хозяева» фильмі Азиядағы ең үздік 100 киноның тізіміне енді. Эмир Байғазиннің «Үйлесім сабақтары» фильмі қазақ кинемотографиясы тарихында тұңғыш рет халықаралық Берлин фестивалінің «Күміс аю» жүлдесімен марапатталды.

Біздің елімізде авторлық кино жанрының даму қарқыны осындай.

Хабарламаларға жазылу