«Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекелік концерті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекелік концерті

22.03.2016
«Қош келдің, Әз-Наурыз!» мерекелік концерті

Наурыз – көктем мен еңбектің, достық пен бірліктің мейрамы ғана емес, ол сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеп,ұлттық қасиеттерімізді бойына сіңіріп, жан-жақты дамыған өнегелі, өнерлі азамат тәрбелейтін ұлттық мейрам.

Наурыз – Жер бетіндегі адамдардың бірлігі, мейірімділігі мен жақсылықтың үйлесім тапқан күні. Наурыз шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланған.

Ұлық мейрамға орай Ұлттық арнаның көрермендеріне дайындаған «Қош кедің, Әз-Наурыз!» атты мерекелік концертін бүгін сағат 21:10-та өткізіп алмаңыз!

Хабарламаларға жазылу