Астаналықтар Наурызды думандатып қарсы алуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астаналықтар Наурызды думандатып қарсы алуда

20.03.2014
Астаналықтар Наурызды думандатып қарсы алуда

Астана жұртшылығы Наурыз мейрамын думандатып қарсы алуда. Бас шаһардың барлық мекеме, білім ордалары, тіпті әрбір шаңырақ мерекеге ерекше дайындалған.

 
Солардың бірі  - №41 «Балдырған» балабақшасы. Олар  «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік шара өткізді. Онда балаларға тәрбиелік мәні бар «Бесікке салу» рәсімі көрсетілді.
 
Сондай-ақ, бүгін №20 мектепте жылқы жылын ыстық ықыласпен күтіп алды. Алдымен Қыдыр ата келіп халыққа ақ батасын берді. Сосын оқушылар күн мен түннің теңелгенін көрініс арқылы көрсетті.
 
Түрлі спорттық ойындар ұйымдастырылды. «Ең дәмді наурыз көже», «Ең дәмді ұлттық тағам»,  «Үлгілі отбасы» сайысының жеңімпаздары марапатталды.
 
Айнұр Шідербаева:
Сарыарқа ауданы әкімдігі мен №20 орта мектептің ұйымдастыруымен «Көктал»  тұрғын алабында Наурыз мерекесіне арналған  мерекелік шара ұйымдастырылды. Оған мектептің оқушылары және «Көктал» тұрғын алабындағы мектептің оқушылары атсалысып, белсене қатысып жатыр.
 
Сонымен қатар, Ұлыстың ұлы күніне орай Астанадағы медициналық мекемелердің арасында да байқау ұйымдастырылды. Сайысқа қаладағы 6 аурухананың қызметкерлері қатысты.
 
Астанадағы «Психикалық денсаулық проблемаларының медициналық орталығының»дәрігерлері мен медбикелері де қатарының алды болу үшін жанын салды. Олар қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрпынан сыр шертетін көрініс қойып, қазақ әндерінен жыр төкті.
 
 
Ләззат БЕКТАС

Хабарламаларға жазылу