Ауа райы: Ел аумағында жел күшейіп, кей жерлерде қатқақ жүреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауа райы: Ел аумағында жел күшейіп, кей жерлерде қатқақ жүреді

02.09.2016
Ауа райы: Ел аумағында жел күшейіп, кей жерлерде қатқақ жүреді

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыста, солтүстік-батыста  және  оңтүстік-шығыста  атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде  жаңбыр жауады, найзағай болады. Түнде және таңертең шығыста және орталықтың кей жерлерінде қатқақ жүреді, тұман болады. Кей жерлерінде жел күшейеді.

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында  тұман күтіледі, күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай облыстарында таңертең және күндіз Ақмола,  Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан,  Жамбыл, Алматы облыстарында, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде,  Қостанай, Ақмола  облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Хабарламаларға жазылу