Айдана Меденова: Әлеуметтік желіде айтылатын сын-пікірлерден нәтиже шығаруға тырысамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айдана Меденова: Әлеуметтік желіде айтылатын сын-пікірлерден нәтиже шығаруға тырысамын

17.03.2016
Айдана Меденова: Әлеуметтік желіде айтылатын сын-пікірлерден нәтиже шығаруға тырысамын

«Қазір жеке шығармашылығымды дамытуды қайта қолға алып жатырмын. Ақын Құрманай Бақтиярқызы және сазгер Бауыржан Бимахановпен тығыз байланыста жұмыс істеп жатырмыз.

Әрине, топта ән айту мен жеке орындаушылықтың айырмашылығы үлкен. Бірақ, бес жасымнан бастап сахнада келе жатқандықтан мен үшін бұл - қалыпты дүние», дейді әнші.

Алдағы уақытта ағасы Ермек Меденовпен бірге ән орындау да жоспарда бар екенін жеткізді.  

Айдана Меденова  - әлеуметтік желіні белсенді пайдаланатын жұлдыздар қатарында.  

«Онда айтылған орынды сын-пікірлерден нәтиже шығаруға тырысамын. «Сізге ұқсағымыз келеді», деп жазатындар көп. Әрине, бұл қуантады. Ал, орынсыз пікірлерден айналып өте аламын, жақын қабылдамауға тырысамын. Себебі, желіге тіркелмей тұрып мен мұндай жағдайлардың бәріне дайын болдым», дейді ол.

Сұхбаттың толық нұсқасы -  «Таңшолпанда».  

Хабарламаларға жазылу