Республикалық балаларды оңалту орталығында «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республикалық балаларды оңалту орталығында «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті

16.03.2016
Республикалық балаларды оңалту орталығында «Шаттық шұғыласы» атты қайырымдылық акциясы өтті

Галерея қызметкерлері ерекшеліктері бар балалармен жұмыста жаңа әдіс табуға шешім қабылдап, ауруханада емделіп жатқан балалардың сауығу процесінде өнерді кеңінен қолданатын заманауи әдісті пайдаланды, деп хабарлайды еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Әз-Наурыз қарсаңында олар балаларға «Наурыз мейрамы» театрландырылған қойылымын көрсетті. Кейін балаларға арнап шоколадпен сурет салу, аппликация және мүсіндеу бойынша шеберлік дәрістерін өткізді. Мерекенің соңында бүлдіршіндерді қатты қуантқан тосын сыйлар мен сыйлықтар болды.

«Шаттық шұғыласы» қайырымдылық акциясы қоғамдағы қайырымдылық идеяларына қолдау көрсетуге бағытталған.  Ұлттық сурет галереясы бұндай шараларға танымал суретшілер, мүсіншілер, еріктілер мен ниет білдіргендердің барлығын тартуға дайын. Ал. бүгінгі шара ұжым тарапынан ұйымдастырылп отырған алғашқы еңбек.

Ұйымдастырушылар айтып кеткендей, галерея ерекше қажеттіліктері бар балаларды қуанышты көңіл-күй және шығармашылық әлеміне баулуға арналған бұндай акцияларды тұрақты негізде өткізуді жоспарлап отыр.

Хабарламаларға жазылу