Фотограф Досжан Балабекұлы 4 мың метр биіктікке жаяу көтеріліп, суретке түсіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фотограф Досжан Балабекұлы 4 мың метр биіктікке жаяу көтеріліп, суретке түсіреді

15.03.2016
Фотограф Досжан Балабекұлы 4 мың метр биіктікке жаяу көтеріліп, суретке түсіреді

Көкке қарап, табиғаттың сәт сайын құлпырған әсем күйін кадрға басып алуды әдетке айналдырған Досжан Балабекұлы 3-4 мың метр биіктікке жаяу көтеріледі. Жылдың қай мезгілі де оған  кедергі емес. Досжан түсірген суреттер басылым беттерінде жиі жарияланып  тұрады.

«Таудың биігіне шығып, табиғаттың бұлқынған құбылыстарын түсіргенді қатты ұнатамын.  Табиғаттың қозғалысын түсірсең, суреттерде қозғалыс пайда болады. Осы арқылы суретті сөйлетесің»,-дейді фотограф.

Тереңдік пен биіктік. Ол осы екі ұғымды тең көреді. Ақбас шыңдарды суретке түсіру балалық  қиялынан туған. Кәсіби фотоаппаратты ең алғаш университет қабырғасында қолға алған. Қазір Досжан шыққан шыңдарда есеп жоқ.

Көкжайлау мен Құмбел, Фурманов пен Үш ағайынды шоқысы, Горельник пен Титов асуы. Бәрінің көркем табиғатын көзімен көрген фотосуретші тамаша көріністердің коллекциясын жасады.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу