«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының ертең, 15 наурызда келетін қонақтары қатарында Халықаралық түркі академиясы кітапхана және музей орталығының басшысы Жандос Бәделұлы бар.
Түркі академиясы халықаралық ұйымы Ұлттық академиялық кітапханаға 40-тан астам кітабын тарту етті. Студия қонағы осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітпек.
15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні. Осыған орай таңғы бағдарламаға тұтынушылардың құқығын қорғау бөлімінің басшысы Насима Жүнісова қонаққа келмек.
Сондай-ақ, әнші Сейіл Аяған шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісіп, студияда «Мен сені сүйген көктем бұл» әнін орындайды.
Каскадер мамандығы, батутта секірудің ережесі, шоколад көрмесі және Қанабек Байсейітовтің рөлдері туралы қызықты сюжеттер легін ертең 07:00-10:00 аралығында Ұлттық арнадан тамашалай аласыздар.