Бұл фильм Эрнест Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасының желісі бойынша түсірілген. Бірақ, мұнда оқиға теңізде емес, сайын далада өтеді.
Мұнда шал мен келіні және немересінің өмірі бейнеленеді. Фильмнің идеясы «адамды өлтіруге болады, бірақ, оның рухын жеңе алмайсың», дегенге саяды.
Ерболат Тоғұзақов, Орынбек Молдахан, Исабек Әбілмәжінов басты кейіпкерлерін сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 23:40-та тамашалай аласыздар.