ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы БАҚ-тағы Метадон демеу терапиясы тақырыбын үздік ашу бойынша Бірінші байқаудың жеңімпаздарын анықтады.
Байқауға ұсынылған материалдар 2015 жылдың сәуір-желтоқсан айларында бірқатар республикалық және аймақтық басылымдарда жарияланып, теле-радио арналардың эфирлеріне және интернет-басылымдарға шықты.
Марапаттау салтанатында бес журналист үздік деп танылды.
Гран-при жүлдесі «Шалқар» ұлттық радиосының жүргізушісі Мейрамгүл Нығметоваға берілді.
Байқауға 4 санат бойынша барлығы 46 жұмыс келіп түскен. Оларды бағалаумен бес адамнан тұратын арнайы комиссия айналысты.
Жеңімпаздарға ақшалай сертификаттар табысталды.
Әріптесімізді жүлдесімен шын жүректен құттықтаймыз!