«Шалқар» радиосының журналистері «Серпер» сыйлығын иеленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шалқар» радиосының журналистері «Серпер» сыйлығын иеленді

10.12.2015
«Шалқар» радиосының журналистері «Серпер» сыйлығын иеленді

Алматыда еліміздің өнері мен мәдениетіне қызмет етіп жүрген жас таланттарға «Серпер» жастар сыйлығы табысталды.

Биыл сыйлық Қазақстан Жастар одағы арнайы комиссиясының шешімімен әдебиет, журналистика, театр, халық өнері және эстрада салалары бойынша барлығы 16 жасқа берілді.

Марапатқа ие болғандар арасында «Шалқар» радиосының жүргізуші-редакторлары Нұрмат Мансұр мен Айсәуле Бейсенхан да бар.

Айта кетейік, «Серпер» сыйлығы жас таланттарды қолдау мақсатында екі жылда бір рет беріледі. 

Хабарламаларға жазылу