Павлодарда алимент төлемеген азамат жүргізуші куәлігінен айырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда алимент төлемеген азамат жүргізуші куәлігінен айырылды

11.03.2016
Павлодарда алимент төлемеген азамат жүргізуші куәлігінен айырылды

Азаматтың басында үйі, астында көлігі бар. Осыны ескере келе сот орындаушылары жол полициясы бөліміне шағым түсірген. Яғни, алдымен көлікті айыппұл тұрағына қойдырған. Бұдан бөлек сотқа борышкерді жүргізуші құқығынан айыру жөнінде арыз түсірген.

«Бұл азамат к-л3к жүргізу құқығынан уақытша айырылды. Егерде берешек болған 271 мың теңгені толық төлейтін болса, көлікті басқару құқығына қайта ие болады», - дейді қалалық соттың баспасөз хатшысы Рауан Бейілғожин.

Сюжеттің видео нұсқасын мына сілтеме арқылы көре аласыздар.

 

Болат АМАНБАЕВ

Хабарламаларға жазылу