Ірімшіктің қатты сұрыптары кальций мен фосфатқа бай. Оның тіс эмалін қатайтуда пайдасы өте зор. Ал, қызыл иек сау болсын десеңіз, күніне бір дана киви жемісін жеңіз, күніне 8 стақан су ішіңіз. Су тістегі бактерияларды жойып, оның беріктігін сақтайды. Күнделікті тіс жуғанда тіс пастасына 2-3 тамшы шай ағашының майын тамызсаңыз, тісіңіз қалпын сақтайтын болады.
Маман кеңесі
Феруза Сәрсенбаева, жоғары санатты тіс дәрігері:
«Әр адам жылына 2 рет тіс дәрігерінің алдына барғаны дұрыс. Әсіресе, жүкті әйелдер. Өйткені, жүктілік кезінде иммунитет әлсірейді және ағзада кальций жетіспеушілігі сезіледі. Құрамында фторы, фосфоры бар тіс пасталарын қолданған жөн».
Тістің аяқ асты ауруының бірнеше себебі бар. Тәтті тағамдар мен газдалған сусындарды көп мөлшерде пайдалану, сағызды ұзақ шайнау, тіс күтіміне дұрыс қарамау – бұл тіс жегінің туындауына, эмальдің әлсіреуіне әкеліп соғады.
Маман кеңесі
Феруза Сәрсенбаева, жоғары санатты тіс дәрігері:
«Таңғы ас пен кешкі тамақтан соң жатар алдында тісті екі мәрте тазалау керек. Алайда, щеткамен ауыздың барлық бөлігін тазалау мүмкін емес. Тіс арасына тұрып қалған түрлі тамақ қалдықтарын тазалайтын арнайы жіптер бар. Сондай-ақ, дұрыс тамақтануға көңіл бөлген жөн».
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.