Қызылорда облысының халқын жұмыспен қамту ісіне әйел-кәсіпкерлер де белсенді үлес қосып отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының халқын жұмыспен қамту ісіне әйел-кәсіпкерлер де белсенді үлес қосып отыр

05.03.2016
Қызылорда облысының халқын жұмыспен қамту ісіне әйел-кәсіпкерлер де белсенді үлес қосып отыр

Яғни, әрбір 3-ші жоба нәзік жандылар тарапынан жүзеге асырылуда. Жеңілдетілген несие портфелінің жалпы сомасы бүгінгі таңда 2,1 млрд. теңгені құрап, бағдарлама аясында кәсіпкер әйелдер рәсімдеген несиенің орташа көлемі 20,6 млн. теңге болып отыр.

Әйел кәсіпкерлер тарапынан жүзеге асырылған жобалардың басым бөлігі өнеркәсіп өндірісінда (30%), көлік және қойма шаруашылығында (22%), тұрғын үй және тамақтану бойынша қызметтерда (15%).

Кепілдендіру құралы арқылы жүзеге асқан 104 жобаның ішінде көлемі 506 млн. теңгені құрайтын 45 кепілдендіру келісім-шарты әйел-кәсіпкерлермен жасалынды. 

«БЖК 2020» бағдарламасының аясында субсидиялау мен кепілдендіру құралдарымен әйел кәсіпкерлігін қолдау  нәтижесінде өңірімізде 1200 жаңа жұмыс орны ашылды,- деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Хабарламаларға жазылу