Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық олимпиадалық комитет пен «Қазақстан» РТРК-сы арасында меморандумға қол қойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық олимпиадалық комитет пен «Қазақстан» РТРК-сы арасында меморандумға қол қойылды

04.03.2016
Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық олимпиадалық комитет пен «Қазақстан» РТРК-сы арасында меморандумға қол қойылды

Аталмыш құжат аясында Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты, сондай-ақ, саламатты өмір салтын насихаттау ісін күш біріктіре отырып жүзеге асыру мәселесі көзделген.

Меморандумның басты мақсаттарының бірі – елде спорт пен олимпиадалық қозғалыстарды және бұқаралық-спорттық іс-шараларды телевизия арқылы насихаттау. Бұл ретте әсіресе олимпиадалық спорт түрлерінен еліміздің ұлттық құрамалары басты назарда болады.

Меморандум талаптары бойынша, спортшылар телевизиялық жобалар мен сараптамалық бағдарламаларда, жаңалық сюжеттерінде жиі көрсетілулері керек. Сондай-ақ, «Кazsport» арнасында арнайы (отбасылық, сауықтырумен байланысты) бағдарламалар дайындалуы қажет.

Меморандум аясында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ы Қазақстандағы Мәдениет және спорт министрлігі мен  Ұлттық олимпиадалық комитет тарапынан ұйымдастырылатын  бұқаралық-спорттық  шараларды насихаттау бойынша басты ақпараттық серіктес ретінде аталды.  

Хабарламаларға жазылу