Kenzo брендінің шығу тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Kenzo брендінің шығу тарихы

28.02.2016
Kenzo брендінің шығу тарихы

Kenzo 1939 жылы 27 ақпанда шағын ғана Химедзи елдімекенінде дүниеге келген. Ата-анасының қалауымен ол Токиода білім алады. Жас дизайнерге бұл жылдар өте ауыр соққан. Себебі, Kenzo сәнгерлерге арналған «Bunka Gakuen» мектебінде оқумен қатар, жалақысы өте төмен жерде жұмыс істеген. Ол осы оқу орнына түсуге мүмкіндік алған алашқы ер адам. Өйткені мұнда бұрын тек әйелдер ғана оқиды екен.

Сән мектебін бітірген соң шағын супермаркетте киім үлгілерін жасап, жұмыс істеп, қала шетінде орналасқан шағын үйде тұрған. Сол жылдары Токиода ескі үйлерді бұзып, орнына жаңа үйлердің салынып жатқан уақыты болатын. Kenzo үйі осы қатарға ілініп, орнына біраз ақша алады. Бұл ақшаны ол жаңа үй алу үшін емес, өмірлік арманының орындалуына жұмсаған.

1965 жылы Kenzo Парижге келіп, дизайнер ретінде таныла бастайды. Ол танымал еуропалық дизайнерлердің үлгісіне ұқсамайтын жапондық үлгіні трендке айналдырады. Kenzo туралы газеттер жазып, адамдар тани бастады. 1983 жылы Kenzo атауымен еркектерге арналған киімдерді шығарады.

Дизайнер бір-біріне ұқсамайтын түрлі үлгілерді жасап, үлкен жетістіктерге жетіп жатады. Бірақ, ең үлкен атаққа ол «Kenzo de Kenzo» иіссуы шыққан кезде жеткен. Осылайша «Kenzo Parfums» брэнді өмірге келеді. Ал, 1991 жылы ер азаматтарға арналған алғашқы «Kenzo pour Homme» иіссуы шығады.

1993 жылы Kenzo LVMN-ның шартына келісіп, өз үйін тастап кетеді. Келісімшартқа сәйкес қарт дизайнер өзін шығармашылыққа арнап, Парижде өмір сүріп, жыл сайын жүздеген миллион доллар алып өмір сүреді.

Хабарламаларға жазылу