Таңғы сұхбат ананың құттықтауымен басталды.
«Ардақты аналар, ару қыздар келе жатқан мерекелеріңіз құтты болсын! Ең алдымен еліміз тыныш, Елбасымыз аман болсын! Ару қыздарыма айтарым, бақытты болыңдар, көргенді болыңдар. Үлкенді сыйлап, кішіге құрмет көрсетіп жүрсеңдер, біз соған ырзамыз»,-дейді Сұлухан ана.
«Астанаға анам келіп, күніміз жарқырап кеткендей болды»,-деп бастаған әнші шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.
«Өзімнің кіші қызым Бибімәрияммен «Әкетай-көкетай» деген жаңа жоба бастадық. Себебі, бүгінде ата-ананың балаға деген, баланың ата-анаға деген махаббаты немқұрайды болып барады. Сондықтан, тәрбиелік мәні болсын деп осы жобаны қолға алдық».
Сұхбаттың толық нұсқасын «Таңшолпаннан» көріңіз.