Қаржы министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасына сай, саудаға шығарылған ғимараттардың 245-і сатылған. Коммуналдық меншік санатындағы - 118, Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясынан - 62, Холдингтер бойынша 50 нысанның жаңа иелері табылды. Осылайша, ел қазынасына 5 миллиард 735 миллион теңге түсті.