«Бүгін жексенбінің» бүгінгі қонақтары қатарында Елбасына етік тігіп берген жігіт Самғау Нәсіпхан бар. Қолөнер шебері тіккен етіктері сән-сапасымен өзгелерден ерекше.
Ал, мүсінші Айдос Есмағамбетовтің туындылары әйгілі «Мадам Тюссо» мұражайындағы мүсіндерден бір кем емес. Тірі адамның өзін көргендей әсер қалдырады. Шебердің балауыздар жасаған мүсіндерін таңғы бағдарламамен бірге көріңіз.
«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов «Егіздер» айдарында. Жары және егіз қыздарымен студияға қонаққа келетін әнші шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөліспек.
Бағдарлама барысында басқарусыз жүретін автобус, сағатына 1600 шақырымды бағындыратын автомобиль, Қытайдағы 3D форматында салынған үй және өзге де қызықты сюжеттер көрермен назарына ұсынылмақ.
Сағат 09:30-да Ұлттық арна қосулы болсын!