Қазгидромет: Күн тағы суыта түседі, қар түсіп бұрқасындатады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазгидромет: Күн тағы суыта түседі, қар түсіп бұрқасындатады

17.02.2016
Қазгидромет: Күн тағы суыта түседі, қар түсіп бұрқасындатады

Ресейдің еуропалық бөлігіне мол көлемде жауын-шашын алып келген циклон Қазақстанның батыс өңірлеріне бет алды. Алдағы үш тәулікте осы осы циклонның ықпалымен ауа райы күрделене түседі, яғни, ылғалды қар түсіп, көктайғақ болып, қар жауып бұрқасындатады. Сондай-ақ жылдамдығы 15-20 метр болатын  жел тұрып, кей жерлерде оның күші сағатына 25-28 метрге дейін жетіп, ауа температурасы төмендей түседі.

Республиканың өзге өңірлерінде Сібір антициклонының ықпалы сақталады және ол өз кезегінде батыстағы циклонның шығысқа өтуіне жол бермейді.  Сондықтан, еліміздің басым бөлігінде аяз болады. Ал, еліміздің оңтүстігі мен орталығында ауа температурасы 3-5 градус нормадан жоғары болады.  

  

 

Хабарламаларға жазылу