«Сенбілік таң» - Шолпан Шәріпованың шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - Шолпан Шәріпованың шаңырағында

13.02.2016
«Сенбілік таң» - Шолпан Шәріпованың шаңырағында

Шолпан Шәріпова – мүмкіндігі шектеулі болса да, көптеген республикалық, халықаралық конкурстардың жеңімпазы. 1999 жылы ол халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің Гран-при жүлдесін иеленген. Ал, 2000 жылы Шолпан «Жас қанат» байқауына қатысып, «Көрермен көзайымы» аталымын жеңіп алады.

2002 жылы Қазақстанның Іскер әйелдері қауымдастығы ұйымдастырған «Нағыз әйел» конкурсына қатысып, 400 үміткер қатысқан байқауда «Рух күші» аталымына ие болады. 2012 жылы «Жақысылық әлемді құтқарады» атты халықаралық қозғалыс медалін ұтып алады.

«Бала кезімде әкем Ертістің бір тамшы суын ішкізген екен. Сол тамшы бойыма өнер болып дарыған болар деп ойлаймын»,-дейді әнші.

Шолпан Шәріпованың шаңырағындағы «Сенбілік таңды» бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу