Қазіргі кезде жақсы әрі сапалы ойыншықтар қымбатқа бағаланады. Тіпті, құрастырылғанына ұзақ жыл толған ойыншықтар жаңа көліктің құнымен тең келеді екен. Әлемдегі ең қымбат ойыншық туралы білесіз бе?
Ол – «Құс ұстаушы» деген атпен белгілі. Қуыршақ 2340 жылтыр болат бөлшектерден құрастырылған. Салмағы – 55 келі, ұзындығы – 120 сантиметр. Шебердің 15 мың сағаты осы туындыны жасауға кеткен.
Астанадағы қуыршақтар көрмесіндегі туындылар арнайы Ресейден әкелінген. Мұнда бірнеше автордың қиялынан туған жобалар бар. 190-нан астам коллекциялық қуыршақтардың жасалу технологиясы да күрделі.
«Негізгі мақсатымыз – елорда жұртшылығына осындай әдемілік, сиқырлық, ертегі сыйлау. Бұл Астанада алғаш рет болып жатқан шара. Келесі көрме Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында өтеді. Ал. Жыл соңында Шанхай және Гонконг қалаларында ұйымдастырылмақ»,-дейді ұйымдастырушы Дана Нұржұма.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.