Ол келтірген деректер бойынша, өтініштердің 52 пайызы Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауына, 48 пайызы мәслихаттар депутаттарының сайлау байланысты болған.
«Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясының электрондық мекенжайына 10 өтініш жолданған. Олардың 9-ы сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіруді талап етуге қатысты болса, тағы біреуі сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелеріне қатысты. Барлық өтініш иелеріне уақытылы жауаптар қайтарылды»,-деді Қ.Тұрғанқұлов.