Елбасы Энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы Энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады

08.02.2016
Елбасы Энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады

Сондай-ақ көмірсутек шикізаты бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік пен Үкімет қабылдап жатқан шаралар да сөз болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жобаларды, соның ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 млн тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылып отырған көлемді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

«Мұнай бағасының төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімнің өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. Әлемнің барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдің мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ», – деді В.Школьник.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 

 

Хабарламаларға жазылу