Гарвард университеті жанындағы Беркман орталығы студенттерді жазғы іс-тәжірибеден өтуге шақырады. Қатысушылар 6 маусым мен 12 тамыз аралығында тәжірибеден өтеді. Бағдарлама толық жұмыс күнін қамтиды.
Іріктеуден өткен үміткерлер киберқауіпсіздік және ғылым саласындағы инновациялар бойынша зерттеу топтарында жұмыс істейді. Сонымен қатар, арнайы дәрістер тыңдап, Беркман орталығының ұстаздары және басқа да бағдарлама қатысушыларымен бірлесе ұйымдастырылған шараларға қатысады.
Тәжірибеден өтушілерге сағатына 11,5 АҚШ доллары беріледі. Ал, сақтандыру және жол шығынын өздері төлейді.
Айта кетейік, өтініштер 12 ақпанға дейін қабылданады.
www. ijnet.org
ФОТО: ria.ru