Кір жуғыш машинасының шығу тарихы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кір жуғыш машинасының шығу тарихы

06.02.2016
Кір жуғыш машинасының шығу тарихы

Алғаш құрастырылған машина арнайы тұтқа арқылы меңгерілген. Ал, 1907 жылы мотор арқылы жуатын кір жуғыш машинасы ойлап табылды. 

1912 жылдан бастап, барлық үйлерде  электрлі жүйеде жұмыс істейтін кір жуғыш машиналары қолданылған. Алғаш машиналардың сыртқы бөлігі ағаштан жасалған. Кейін ол бөліктер алюминий, мырыш, жез  металдары арқылы құрастырылды.

Сонымен қатар, 1961 жылдан бастап кір жуғыш машинаның сыртқы бөлігі толықтай фарфорлы эмальмен қапталды. Бұндай машиналар судың кез-келген температурасына, кір жуғыш ұнтақтың әсеріне шыдаған. Машинаның бұлғауышы (мешалка) 1922 іске қосылды. Бұлғауыш кірді жоғарыдан астыға қарай және жан-жаққа қарай айналдырған.

Ал, толық автоматандырылған кір жуғыш машинасы 1937 пайда болды. Көбіне машиналар 3-4кг кір жуады. Әр кір жуылған  сайын 150 литр су кетеді.

Сығу режимі арқылы жұмыс жасайтын кір жуғыш машинасы 1953 жылы саудаға шығарылған.

Хабарламаларға жазылу