Аталған Заң жобасы биыл әзірленбек. Бұл жөніңде бүгін Әділет министрі Берік Имашев министрліктің алқа мәжілісінде мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, азаматтар меншігіндегі баспанасын сақтандыруға міндеттеледі. Одан жиналған қаржы тосын апаттардан зардап шеккендердің баспана шығынын өтеуге бөлінбек. Сөйтіп біріншіден, жеке мүліктің қауіпсіздігі арттырылады, екіншіден, сақтандыру нарығы дамиды.
Мұнымен қоса, биыл салық жөніңдегі, әкімшілік заңбұзушылықтар мен зияткерлік меншік туралы заң жобаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Жалпы өткен жылы заң жобалау жоспары 100 пайызға орындалған.
«2015 жылы 30 жоспарлы заң жобасы әзірленді, олардың барлығы Парламенттің қарауына уақытында жіберілді. Бұдан басқа 2015 жылы Үкімет пен Президент әкімшілігінің тапсырмалары бойынша, жоспардан тыс 11 заң жобасы әзірленді, сондай-ақ, 22 жоспардан тыс заң жобасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру мақсатында дайындалды. Сонымен барлығы 58 заң қабылданды»,- деді ҚР Әділет министрі Берік Имашев.