Елімізде автокөліктердің сатылуы бәсеңдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде автокөліктердің сатылуы бәсеңдеді

13.04.2016
Елімізде автокөліктердің сатылуы бәсеңдеді
Салық кодексіне түзету енгізу қажет. Үкімет басшысына сауал жолдаған депутат Азат Перуашев осындай ұсыныс жасады. Мәжілісмен автокөліктерді бастапқы мемлекеттік тіркеу талабын қайта қарау керек дейді. Өйткені, жаңа алым енгізілгелі елімізде автокөліктердің бағалары қымбаттап, сатылуы бәсеңдеп кеткен.

Бүгінгі күні елдегі қоймаларда 27 млрд теңгенің 4,5 мыңнан астам көлігі сатылмай тұр. Сондықтан депутат шығарылғанына 2 жылдан асқан көліктер үшін ғана бастапқы мемлекеттік тіркеу салығын салуды ұсынып отыр.

Хабарламаларға жазылу