Биыл бала күтіміне бюджеттен 68,2 млрд теңге бөлінді. Оның 30 млрд 900 миллионы жаңа туған сәбилерге берілсе, бір жасқа дейінгі бала күтіміне қарастырылған қаржы 37,3 млрд теңге.
Еліміздің Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, жәрдемақыға қарастырылған қаржы өскен. Мәселен, үш бала туған анаға төленетін ақша 66 621 теңге болса, төрт немесе одан көп балалы анаға берілетін көмек ақшаның көлемі 111 035 теңге.
Отбасында дүниеге келген тұңғыш сәбиге ай сайын 12 217 теңге, екінші балаға 14 445 тенге жәрдемақы төленеді. Ал, көп балалы ананың бір жасқа дейінгі сәбиіне небәрі 18 877 теңге жетеді деп шешілген. Ал, былтыр республикалық бюджеттен бала күтіміне 56 миллиард теңге жұмсалған еді.