Кітапқа құмар елордалық белсенді жастар танымал тұлғалармен кездесті. Тағылымды шара жыл сайын өткізіліп келеді.
«Әдетте әр кездесуде үш қонақ болады. Әрқайсысы 15 минуттың ішінде өмірлерінде ерекше әсер қалдырған үш кітапты ұсынады. Жобаның басты идеясы - мазмұнды кітап іздейтін жастарға жол ұсыну», дейді «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының басшысы Әнуар Нұрпейісов.
Кездесуге жиі келетін жастар ендігі кезекте ұмыт бола бастаған кітапсүйер оқырмандар клубын жаңғыртып, рухани кешті ел аумағында жаппай өткізуді көздейді.
Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.