Шоколадтың негізін нуга құрап, сыртынан арахис пен шоколад құйылады, ең соңынан сүт шоколадпен қапталады. Бұл құрам 1930 жылдан бері еш өзгеріссіз келе жатыр. Сонымен қатар, шоколадты батонның калориясының жоғары екендігіне қарамастан, үлкен танымалдылыққа ие. Оның бір себебі жарнама агенттіктерінің жақсы жұмыс істеуінде.
«Snickers» атауы Марс отбасының сүйікті жылқысының аты. Алғашқы «Сникерстер» бір талына 20 центтен сатылған, ол уақытта бұл баға аса қымбат емес болатын.
Әр батонға үнемі 16 жаңғақ (боб) пайдаланылады. Әлем бойынша күн сайын шамамен 15 миллион шоколад жасалатынын ескерсек, арахистің шығыны шамамен күніне 99 тоннаға жетеді.
Бүгінде «Snickers» тек қана шоколад емес, поп-мәдениеттің бір бөлшегі болып кетті. Ал, «сникерсни» сөзі бәріне де түсінікті ұғым.
Жалғыз Snickers-тің сатылымы «Mars», «Incorporated» компаниясына жыл сайын екі миллиард доллар табыс алып келеді екен.