«Сенбілік таң» - Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Сенбілік таң» - Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында

30.01.2016
«Сенбілік таң» - Қыдырәлі мен Қарақаттың шаңырағында

Қазақ эстрадасында ойып тұрып орын алған өнерпаз жұп - Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина. Жұлдызды жұп екеуін табыстырған өнер екенін айтады.

Бас қосқалы бері өнерлі отбасында Бекболат, Иманәлі, Нұрәли, Айсұлтан есімді төрт ұл перзент дүниеге келген.

Қол ұстасқан қос жұптың «Айналайын», «Бағым сен», «Ханзада», «Аяулым» сияқты бірнеше танымал әні де тыңдармандардың жүрегін жаулап, өшпес мұраға айналды.

Әншілікпен қатар, Қыдырәлі Болманов «Бал-бала» маркасымен қазақ тілінде ән айтып, би билейтін қазақи болмысты ойыншықтар шығарумен айналысады.

«Сенбілік таң» бағдарламасы бүгін 09:00-де Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасында қонақта.

Хабарламаларға жазылу