Басқосуда тараптар облыстағы 200 гектар аумаққа қуаттылығы 170 МВт болатын күн электр стансасын салу мәселесін талқылады.
Жоспарға сәйкес, күн электр стансасы Шымкент, Түркістан және Кентау қалаларынан салынбақ. Бір жылдың 300 күні сәулелі болатын Оңтүстік Қазақстан облысындағы табиғи климаттық жағдайды ескере отырып жасалған аталған күн жылыту жүйесі жылумен қамтудың жылдық отын шығынын 25-30 пайызға, ыстық су жүйесінің шығынын 50-70 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Жобаны жүзеге асыруға бағытталған қаржының көлемі 200-210 млн. еуроны құрайды. Инвесторлар күн сәулесі батареяларының тауарларын 3500-ге жуық контейнермен әкеліп, оларды ОҚО аумағына орналастырмақ. Күн электр стансасы жобасын жүзеге асыруға жергілікті жас мамандар тартылады. Венгерлік кәсіпкерлердің айтуынша, күн электр стансасының құрылысына қатысатын жас энергетиктер болашақта оны қосуда қиналмайды.
Жиын соңында, тараптар ынтымақтастық меморандумына қол қойып, облыс халқын электр энергиясымен қамту арқылы энергетикалық тәуелсіздікке бірлесе жетуге ымыраласты, деп хабарлайды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.