Жүк көлігімен жолға шықсаңыз... (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жүк көлігімен жолға шықсаңыз... (ВИДЕО)

28.01.2016
Жүк көлігімен жолға шықсаңыз... (ВИДЕО)

«Жол азабын жүрген білер». Әсіресе, жауын-шашын мен қарлы боран түтеген қыс айларында үлкен жүк көлігімен ұзақ сапарға шығу оңай емес. Егер алыс жолға шығар болсаңыз, төмендегі  бірер кеңес қаперіңізде болсын.

Қажетті заттардың жиынтығы:

  • Мол азық-түлік;
  • Ауа райына байланысты киімдер;
  • Қажетті құжаттар;
  • Жолға жететін қаражат;
  • Қосалқы дөңгелек;
  • Жел үрлегіш және өзге құралдар;
  • Артық жанармай және темір канистра;
  • Жаңбыр мен қардан қорғайтын жапқыштар;
  • Кілттер жиынтығы;
  • Ауызсу;
  • Таза киім;
  • Пакетке оралған көмір, сіріңке, пышақ, қасық;
  • Дөңгелекті орауға арналған шынжыр;
  • Скотч;
  • Жанармай құюға арналған құрал (ыдыс);
  • Көлік сүйреуге арналған арқан;
  • GPS.

Андрей Сорокин 10 жылдан бері  жүк таситын үлкен көлікті тізгіндеп келеді.

«Жеңіл жұмыс жоқ, бастысы, жұмысым өзіме ұнайды. Қыс мезігілінде жолдың қиындығы бар. Көктайғақ. Оның үстіне алыс жолдарды қардан кеш аршып жатады. Ал мен мінген мына 20 тонналық алып көліктер үшін қалың қарда жүру оңай емес. Жалғыз жүруден қорықпаймын, көлікте рация бар. Қайда келе жатқанымды біліп отырады»,-дейді ол.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу