Париждіктер көліктен бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Париждіктер көліктен бас тартты

02.10.2017

Париж тұрғындары көліктен бір күнге бас тартты. Сондықтан, көшелер автономобильдерден босап, сан мың адам жаңбырға қарамастан діттеген жеріне велосипедпен немесе жаяу барды. Бұл акцияның негізгі мақсаты – қала аспанында қалыңдай түскен улы түтінді азайтып, экологияны тазартуға үлес қосу. Дегенмен, мүгедектерге арналған машиналар мен таксилер және қоғамдық көліктің жүруіне тыйым салынған жоқ.

«Көліксіз Париж» акциясы қала мэрі Анн Идальгоның бастамасымен ұйымдастырылды.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу